Университет еліміз бойынша мұндай мамандарды оқытатын жалғыз оқу орны. Сондықтан, Қазақстанның барлық қалаларынан келген ақ халаттылар біліктіліктерін Семейде арттыруда. Дәрігерлер, озық үлгідегі жаңа қондырғылармен жабдықталған қабылдау бөлімінің көшірмесі мен оқу-клиникалық орталығында тәжірибеден өтеді. 4 айлық курста мамандар еуропалық әдістерді меңгереді.
Нұрлан Ыбраев, дәрігер, хирург:
- Бұл ТРИАЖ жүйесі біздің дәрігерлер үшін өте тиімді деп ойлаймын. Көптеген нәрселер үйрендік. Еуропа елдерінде қолданып жатқан жаңашыл тәсілдерді үйреніп жатырмыз. Осындай үлкен жобаны қолға алып отырғанына Шұғыл медицина кафедрасына алғысымыз шексіз.
Ержан ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.