2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

24.12.2018

Қазақстанда 2021 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді. Бұл туралы бүгін Сенатта Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оның орнына университеттер өз үлгісіндегі дипломдарды бере бастайды. Яғни, әр жоғарғы оқу орны берген білімінің сапасына кепіл болып, өз беделіне жұмыс істейді. Министрлік бұл өзгеріс салаға оң әсер етеді деп үміттенеді. Сондай-ақ, екі жылдан кейін барлық жоғарғы оқу орнының түлектері үшін сертификаттау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Біліктіліктерін дәлелдей алмағандар жұмысқа тұра алмайды. Қазіргі таңда бұл жүйе медицина мамандықтарына қатысты қолданылады. Вице-министр түлектерінің 50 пайызы жұмысқа орналаспаған оқу орындарының лицензиясы қайтарып алынатынын ескертті. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-минстрі:

- Егерде оқу орны түлектерінің жартысы жұмыс таба алмаса, министрлік лицензияны қайтару бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл екі жайтты білдіреді. Нарықта бұл бағыттағы мамандар жеткілікті болғандықтан олар жұмыс таба алмайды не болмаса білім сапасының төмендігінен нарық оларды жұмысқа алмайды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу