Астанада жас ұстаздар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас ұстаздар форумы өтті

23.11.2018

Ұстаз мәртебесі туралы заңнан көп үміт күтеміз. Бүгін Астанада жас ұстаздардың форумы өтті. Дәстүрлі форум әдеттегідей Тұңғыш Президент күніне орайластырылды. Онда Жолдауда жүктелген ұстаз мәртебесі туралы заң жобасына енетін жаңашылдықтар талқыланды. Дәстүрлі жиын білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті. Форум делегаттары Президенттің өзге де бастамаларын жүзеге асыру жайын сөз қылды. Оның ішінде жастар жылын атап өтудегі бастауыш кәсіподақ ұйымының рөлі айқындалды. 

Людмила Нам, форум делегаты, жас мұғалім:

- Бұл форумда мен өзім баяндама оқимын. Өзімнің бір ұсынысым бар еді. Бәріміз білеміз, мектепке дейінгі оқу орындары шектеулі. Сол жерде кезекке тұруды біз мобильді қосымша  арқылы жасасақ деген. Бізде, тек қана, электронды кезекке қойып қойған. Ал, оның барлығын адам мобильді қосымша арқылы көріп отырса, өте тиімді болар еді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу