Кезінде ол Лондонда оқушыға қарсы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін де қызметінен босатылған екен. Келеңсіз жағдайдан соң ұстаз еліне қайтты. Жалпы, осы шетелдік мамандар елімізге көп келеді. Әсіресе, ағылшын тілінде сабақ беріп жүрген қара нәсілділерді де көреміз. Алайда, олардың біліктілігіне мән бере бермейміз. Ағылшын тілін үйрену трендке айналған заманда мұғалім таңдаудан қалай жаңылыспауға болады?
Өсергүл Құттыбаева бірнеше жылдан бері Астанадағы тіл мектебінде жұмыс істеп келеді. Бұл орталықтың мұғалімдеріне қойылатын талап қатаң. Әсіресе, шетелдіктерге. Жұмысқа қабылданар алдында олардың тиісті сертификаттары мен төлқұжаты міндетті түрде тексеріледі.
Өсергүл Құттыбаева, тіл мектебінің әкімшісі:
- Біздің орталық ұстаздарды жұмысқа алған кезде ең басытысы, олардың төлқұжаты болуы керек. АҚШ немесе ағылшын азаматы болуы шарт. Педагогикалық білімі болуы керек. Меншікті ұстаздарға ақшаны азырақ төлейміз. Ал, шетелдіктерге екі есе көп төленеді.
Тіл үйрену трендке айналған заманда мектептердің қайсысын таңдауды білмей жатамыз. Ондағы мұғалімдердің еңбек өтілін сұрағанымызбен, тиісті құжаттарын тексермейміз. Ана тілінде сөйлеп жатыр-ау деп дәріс аламыз, алайда, сол мұғалімдердің арасында біліктілігі төмендері көп. Ең сорақысы, еліміз оларға екі есе көп жалақы төлейді. Біз де оларға сенеміз. Бұл ретте, жұмыс беруші компания тұтынушыларды тарту үшін ағылшын тілінде сөйлеген кез келген адамды жұмысқа ала береді. Бүкіл мәселе де сонда.
Дастан Айтқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон процестерін мониторингілеу басқармасының басшысы:
- Ұлттық университеттер, жеке экономикалық бағытта даярлайтын университеттердің қатарынан ешқандай рұқсат алмай, жеке шетелдік жұмыс күшін тартуға мүдделері бар. Бұл жерде жұмыс берушінің өзінің қызығушылығы болып тұр. Өйткені, шетелден келген білікті маман әрдайым жоғары жалақы сұрайды. Бұл жұмыс берушіге, жеке кәсіпкерге тиімсіз болып отыр. Сол себептен, осындай келеңсіз жағдай туындап отыр. Білім алуға келген азаматтар сертификаттарды, құжаттарды әрдайым сұрап отыруы керек.
Бүгінде елімізде 23 мыңнан астам шетелдік қызмет етіп жүр. Оның 130-ы білім саласында еңбек етуде. Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арнайы тәртіп бар. Бұл тәртіп жергілікті атқарушы органның комиссиясы арқылы жүргізіледі. Оған сәйкес, шетелден келген азамат біліктілігі жөніндегі құжаттарын міндетті түрде тапсыруы керек. Алайда, бұл мәселе тек комиссияның көмегімен шешілмей тұр. Сондықтан, мұғалім таңдарда ең алдымен тексерісті білім аламын деген азаматтың өзі жүргізу қажет.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.