Шолпан Қаланова: Сырттай оқу түрін алып тастау - дұрыс шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шолпан Қаланова: Сырттай оқу түрін алып тастау - дұрыс шешім

19.10.2018

Қазақстандық студенттер ағылшын тілін меңгеруде артта қалып отыр. Еліміздегі Жоғарғы оқу орындарында цифрландыру жүйесі реттелмеген. Республикамызда ғылым да жеткілікті деңгейде қаржыландырылмайды. Қазақстан электрондық оқыту жүйесіне жедел көшуі қажет. Мұндай пікірлер білім беру сапасын бағалаудың Еуропалық қауымдастығы ұйымдастырған  конференцияда айтылды. Ассамблея жиыны алғаш рет ТМД аймағында өткізіліп отыр.   

Қауымдастық Болон үрдісінің маңызды құрылымдарының бірі болып есептеледі. Сондықтан, олар қазақстандық жоғарғы білім беруге осындай баға беріп отыр.  Ал, еліміз Болон декларациясына 2010 жылы қол қойып, көшкен еді. Сол кезден бері білім беруде Еуропалық стандарттар жүргізіліп келеді. 

Бүгінде Қазақстанда 132 жоғарғы оқу орны бар. Сол университеттердің 100-і аккредитациядан өткен. Ассоциация өкілдері келер жылдан бастап тоқтатылатын сырттай оқуға қатысты да пікірін білдірді.

Шолпан Қаланова, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің президенті:

- Сырттай оқу түрін алып тастау - дұрыс шешім. Оның орнына қашықтықтан оқыту жүйесі келеді. Өйткені, жаңа технологиялардың көмегімен студент, мәселен, скайп арқылы оқытушымен тікелей байланысқа шыға алады. Жалпы, Болон процессінің мамандары бұл жаңашылдыққа оң баға беріп отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу