Ерлан Сағадиев: Ұлттық тестілеуге жаңа ереже енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Сағадиев: Ұлттық тестілеуге жаңа ереже енгізіледі

16.10.2018

Келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар айынан басталып, бірнеше рет өткізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысында мәлімдеді. Жаңа реформаға сәйкес, қыста тест тапсырған оқушының нәтижеге көңілі толса, жазғы ҰБТ-ға қатыспай-ақ қоюға құқылы. Осылайша, ол жоғары оқу орнының ақылы бөліміне шартты түрде түсіп, күзде бірден университетке бара алады. Ал, қаңтардағы тесттегі нәтижелері төмен түлектер көппен бірге қайта тапсыра алады. Сондай-ақ, магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізіледі. Ол бакалавриатқа қабылдау жүйесіне ұқсас болады. Ал, Президенттің бес әлеуметтік бастама аясында көтерілген жатақханамен қамту мәселесін шешу үшін министрлік әлі бірнеше жыл керек екенін айтты. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Республика бюджетінің жобасында алдағы 3 жылдық кезеңге мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жалпы 15 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Жалпы, 10 жылдың ішінде 75 мың орынға арналған 153 млрд. теңге көзделген. Осы қажеттілікті орындауға барлық тиісті шаралар қабылданды. Алдағы 5 жылда іске асатын барлық бірінші кезектегі жобалар жер учаскелерімен қамтамасыз етілді. Жалпы, 166 жер учаскесі қарастырылған.  

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу