Жаңа жылдан бастап оқушылар жаңа мәзір бойынша тамақтанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жылдан бастап оқушылар жаңа мәзір бойынша тамақтанады

15.10.2018

Балалардың тамағы  түбегейлі өзгеруі мүмкін. Мұны Астана қаласы Білім басқармасының басшысы айтты. Соңғы кездері мектеп асханасы мәселесі өзекті болып тұр. Себебі, ата-аналар,  тіпті оқушылардың өздері де жейтін тамақтарына разы емес. Ата-аналар қауымдастығы төрайымының айтуынша, кейбір мектептердің аспаздары тағамды дәмсіз дайындайды, біреулері етті белгіленген мөлшерден аз салады. «Енді мұндай олқылықтар болмайды»,  деп сендірді басқарма басшылығы. Алдағы уақытта бүкіл мектеп асханаларына бейнекамера орнатылады. Тіпті, оны онлайн жүйесіне қосу да жоспарда бар. Сонда кез келген ата-ана баласының не жеп, не қойып жатқанын бақылай алады. Тағы бір жаңалық, оқушылар тамақ ақысын қолма-қол төлемейді.  Төлемді жол жүру картасы арқылы жасайтын болады. Пилоттық жоба  № 29, 54, 59 мектептерге енгізілген. Жалпы, мектептегі асхана мәселесі ай сайынғы тексерістің арқасында оң нәтиже көрсетіп отыр. 

Дулат Жекебаев, Астана қаласы Білім басқармасы басшының орынбасары:

- Біраз мектептерде  кемшіліктер кездесті. Мектеп тарапынан мердігер арасынан бюджетті қайта есептеу жұмыстары жүрді. Дұрыстала бастады.

 Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу