Жаңа жылдан бастап жолсеріктер аттестациядан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жылдан бастап жолсеріктер аттестациядан өтеді

03.12.2019

Жаңа жылдан бастап жолсеріктер аттестациядан өтеді. 6 мыңнан астам қызметкерді оқыту мен арнайы даярлықтан өткізу жоспарланып отыр. Ал биыл 385 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылса, соның 170-інің заңсыз жолаушы тасымалдағаны анықталып жұмысынан қуылды. Жалпы билет төңірегіндегі мәселені түбегейлі шешуді Мемлекет басшысы тапсырған болатын. Шілде айында жаңа жүйе енгізіліп, бүгінге дейін «электронды күту парағына» тіркелу арқылы 85 мыңнан астам азамат пойыз билетін алған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Асылхан Қалдыкозов айтуынша, бұл әдіс ортадағы алыпсатарлар мен кассирлердің айласына тосқауыл болған. Сондай-ақ ол қысқы мерекелер қарсаңында қосымша вагондар мен бағдарлар іске қосылатынын айтты.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу