Ата-аналар комитеттері жабылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналар комитеттері жабылуы мүмкін

09.10.2018

Мектептердегі ата-аналар комитеттері жабылуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігіне осындай ұсыныс жасады. Мектептің, сыныптың қажеттілігін жабу үшін немесе ұстаздарға сыйлық аламыз деп ата-аналардан ақша жинайтын осындай комитеттер көрінеді. Агенттік бұны арнайы сауалнама жүргізу арқылы анықтаған. Респонденттердің 87 пайызы оқушы баласы үшін ақша өткізгенін айтқан. 

Жазира Жылқышиева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

- Ата-аналар комитеті ол өзінен өзі құрылған, құрастырылған бір құрылым. Жалпы ондай заңда да ешбір нормативтік құқықтық актілерде жоқ. Біз ұсынысты бердік.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу