Қазақ ұлттық университетіне жаңа оқу жылында 11 мыңға жуық тәлімгер қабылданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ұлттық университетіне жаңа оқу жылында 11 мыңға жуық тәлімгер қабылданған

26.09.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жаңа оқу жылында 11 мыңға жуық тәлімгер қабылданған. Оның 600-ден астамы шетелдік студент. Бұл туралы алматылықтардың алдында есеп берген оқу орнының ректоры Ғалымқайыр Мұтанов айтты. Оның сөзінше, жыл сайын оқуға түсуге ниет білдіретін өзге мемлекеттің жастары аз емес. Өйткені, оқу ордасы білім беру бағдарламасын халықаралық стандарттарға негіздеген. Елбасының тапсырмасы бойынша 2020 жылға дейін әлемдік үздік 200 университеттің қатарына қосылу үшін бірқатар жұмысты қолға алған. Сондықтан, әлемдегі 12 мемлекеттің беделді университеттерімен бірлесіп жұмыс істейді. 

Ғалымқайыр Мұтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:

- Алдыңғы қатарлы университет ретінде біздің университет жаңа экономиканы, жас мамандар дайындауда және инновациялық-экономиканы дамытуда өз үлесін қосатынына мен толық сенім білдіргім келеді. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу