Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің тізімі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің тізімі қаралды

25.09.2018

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің тізімі қаралды. Отырыста жоғарғы білім беру сатысынын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды. Комиссия шешімімен 142 үміткерге стипендия тағайындалды. Енді олар магистратура мен докторантура бағдарламасы бойынша әлемдегі жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарға оқуға жіберіледі.   

Жалпы, 1993 жылдан бері осы күнге дейін 13 мыңнан астам стипендия тағайындалыпты. 10 мыңнан астам маман әлемнің озық университеттерінен тәлім алып келген.  Олардың 3000-ға жуығы әлеуметтік салада,  2000-нан астамы  білім мен ғылым саласында жүр. Денсаулық сақтау мен өндірістік салада жүргендер саны 1000-ға жуық.  804 түлек мемлекеттік қызмет атқарады. Дәл қазір 1200 студент білім алып жатыр.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу