Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесі Атырауда да өткір тұр. Облыста тіпті үш ауысымдағы мектептер азаюдың орнына көбейіп барады екен. Биыл өңірде 118 мың бала мектепке барса, олардың 15 мыңнан астамы 1-сынып оқушылары болады. Қазіргі уақытта Атырау облысында апаттық жағдайда тұрған 4 мектеп бар. Бүгінде соның үшеуі жабылып, оқушылары басқа мектептерге ауыстырылды. Білім ошақтарының тапшылығын жою үшін өңірде жыл соңына дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі деп отыр. Бұл саладағы тағы бір күрмеулі мәселе, орыс тілінде оқытатын мектептердегі кадр тапшылығы. Соңғы мәліметтер бойынша оларда 381 мұғалім жетіспейді.
Қайырғали Кенжеғалиев, Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы:
- Қазіргі таңда Досмұхамедов атындағы Мемлекеттік университетте орыс топтарында оқып жатқан студенттер жоқ. Әрине, олардың болмауы бізге болашақта кадр проблемасын шешпейді. Сондықтан, біз биылғы жылы Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына барып, кадрлар алдық. Сонымен бірге, облыстық әкімдіктен арнайы грант бөлдік.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.