Абай атындағы ҚазҰПУ-де 65 студент «Абай-Верн» стипендиясын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 65 студент «Абай-Верн» стипендиясын алды

10.07.2018

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасының сертификаттары табысталды.

Аталмыш бағдарлама жоғары білікті мамандарды даярлау Қазақстан мен Франция арасындағы білім саласындағы әріптестікті нығайту мақсатында іске асырылып отыр. «Абай-Верн» стипендиясына 2018-2019 оқу жылына бірнеше жүз кандидаттардан өтініш түскен. Алайда, сарапшылар тобының іріктеуінен 2-курс магистранттары қатарынан 55 кандидат, докторанттар қатарынан 10 кандидат өткен. 

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Елшісі:

- Соңғы он жылдықта қазақстандық 600-ге жуық студент Францияда білім алды. Студенттер Франция басшылығының тарапынан көмек түрінде әлеуметтік, медициналық сақтандыру, жатақхана және университетке тегін тіркеу ала алады.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу