ТарМПИ студенттері «Музыкалық білім» мамандығы бойынша пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТарМПИ студенттері «Музыкалық білім» мамандығы бойынша пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды

15.04.2015
ТарМПИ студенттері «Музыкалық білім» мамандығы бойынша пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды

Абай атындағы ҚазҰПУ-де жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Музыкалық білім» мамандығы бойынша VII республикалық студенттік пәндік олимпиадада Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының білімгерлері үздік деп танылды.

Сайыстың мақсаты - Болашақ музыка ұстаздарының арасында шығармашылық ой-өрісінің мүмкіндігін кеңінен ашып, аспапта орындаушылық шеберлігін арттыру.

Олимпиадаға еліміздің 14 жоғары оқу орнынан 30 студент қатысқан. Биылғы жылғы байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ассамблея жылына арналған.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының шығармашылық мамандықтар факультетінің студенттері Рүстембек Малдыбаев, Ерболат Тауасаров барлық сыннан сүрінбей өтіп, топ жарған.

«Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» шыққандар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу