Қарағандыда Қазақ диаспорасының балалары арасында ана тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XV халықаралық олимпиада өтті. Шараның мақсаты - шеттегі қандастардың дарынды балаларын Отанымен таныстыру, ана тілін, әдебиетін, ұлттық салт-дәстүрді саналарына сіңіру, еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуына және болашақта елге оралуына ықпал ету. Биылғы сайысқа Иран, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз елі, Моңғолия, Қытай және Ресей Федерациясының - Самара, Омбы, Алтай өлкесі командалары қатысты. Жалпы саны 60 оқушы жазбаша және ауызша кезеңдер бойынша бақ сынады. Жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен және медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, олимпиада дәстүрі бойынша жүлдегер атанған шеттегі қандастарымыздың балаларына еліміздегі жоғары оқу орындарына гранттар берілді.
Тәттігүл Сейтқазинова, олимпиадаға қатысушы:
- Атамекеніме келгеніме, ата-бабамның жүрген жерін өз аяғыммен басқаныма өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік беріп отырғаны үшін Қазақстанға рахмет айтамын.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.