Ресей елімізбен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыра түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей елімізбен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыра түспек

18.06.2018

Әсіресе, кәсіптік білім беруді дамыту арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды әзірлеуге басымдық беріледі. Бұл туралы Петропавлда кәсіптік-техникалық колледждердегі инновациялық технологияларды іске асыру жайы талқыланған семинарда айтылды. Жиында агроөнеркәсіптік кешен саласында еңбек  ететін болашақ мамандар үшін дуалды оқыту жүйесін ұйымдастыру жайы талқыланды. Білім саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында Қорған технологиялық колледжімен Петропавлдағы кәсіптік педагогикалық оқу орыны өзара келісімге қол қойды. Енді, білім беру мекемелері мәдени және рухани тұрғыда байланысты бекемдей түспек. 

Нұрдәулет Жанайдаров, «Кәсіпқор» холдингі» кәсіптік білім беру орталығының басшысы:

- Өзіңізге белгілі 2018 жылы 10 қаңтардағы жолдауында Елбасының «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты міндетінде осы қазіргі таңда мына білім беру сапасын техникалық және кәсіптік білім беру сапасының, өндірістің сапасына сай келуіне ерекше атап өткен болатын. Біліктілікті арттыру курстарының шеңберіндегі озық педагогикалық тәжірибемен басқа оқу орындарымен бөліскен уақытта аймақтық іс-шаралар өткізіледі. 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу