Басты Жаңалықтар Алматыда шетелдік спикерлер кәсіпкерлік білім беру мәселерін талқылады

Алматыда шетелдік спикерлер кәсіпкерлік білім беру мәселерін талқылады

Алматыда әлемнің 27 мемлекетінен келген 80-ге жуық спикер кәсіпкерлік білім беру мәселерін талқылады. Алматы менеджмент университетінде өткен халықаралық форум «Қарқынды дамушы қоғамдағы кәсіпкерлік білім: құндылықтарды транформациялау» деп аталды. 300-ден астам адам қатысқан жиында бүгінгі замандағы кәсіпкерлік білімнің әлемдік үздік тәжірибелері жан-жақты айтылды. Ал, отандық мамандар аталған саланы дамыту үшін еліміздегі жоғарғы оқу орындарында кәсіпкерлік мамандықтарын көптеп ашу қажеттігіне тоқталды. 

Асылбек Қожахметов, Алматы менеджмент университетінің президенті:

- Қазір Қазақстанда оқытатын университеттер көп. Ғылымды дамытатын университеттер де бар. Бірақ, кәсіпкерлікті дамытатын, нағыз кәсіпкерлерді даярлайтын оқу орындары өте аз. Конференция сол мәселемен ұйымдастырылып жатыр.   

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Бөлісу