Елімізде тегін ІТ-сыныптар ашыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тегін ІТ-сыныптар ашыла бастады

18.05.2018

«Ыбырай» жас бағдарламашылар лигасының бұл бастамасын «Нұр Отан» партиясы қолдап отыр. Жоба аясында ауыл-аймақ, қала жастары компьютерлік бағдарлама жасауды үйренеді. ІТ саласының білікті маманы болып шығады. Балалар жазғы демалыста да оқуын үзбей, сауаттылығын арттыра алады. Қазірдің өзінде мұндай сыныптар Семей, Екібастұз, Жезқазған қалаларында ашылған. Бастапқыда жасы 8-ден асатын 150 баланы оқыту көзделіп отыр. Жобаға «Ыбырайдан» басқа да оқу орталықтары тартылды.

Азиза Шужеева, «Ыбырай» жас бағдарламашылар лигасы қоғамдық қорының жетекшісі:

- Жобаны қаржыландыру үш тараптан жүргізіледі. Бизнес өкілдері оқу құралдарын, оқу үрдісін, оқытушылар жалақысын қаржыландырады. Мемлекет тарапынан әкімдіктер сыныптарды тегін ұсынады. Ал, техниканы әкімдікпен қоса, «Нұр Отан» партиясының өңірлік бөлімшелері бөледі. Сабақ аптасына 3 рет, 1 сағаттан болады.

Дагар Дәулетов, бағдарламалау мектебінің директоры:

- Біз қазір өңірлермен жұмысты бастадық. 3 жылда 100 мың адамды ІТ мамандығына тегін оқытпақпыз. Ол білім арқылы тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің кез келген елінде жұмыс табуға болады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу