Алматыда халықаралық білім көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық білім көрмесі өтті

25.01.2018

Шетелде оқығысы келетін жастарға таптырмас мүмкіндік. Бүгін Алматыда халықаралық білім көрмесі өтті. Оған 100-ден астам отандық және АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдері мен Азия және ТМД аймағындағы жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысты. Олар Қазақстан жастарына түрлі жеңілдіктер ұсынып, оқуға тапсыру бойынша тегін кеңестер берді. Ал, шараға арнайы қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова еліміз соңғы 10 жылда білімді дамыту ісі бойынша әлемдегі үздік 8 мемлекеттің қатарына кіргенін атап өтті. Осы үрдісті  тиімді жалғастыру үшін биыл Білім және ғылым министрлігі мен Франция елшілігі арасында «Абай-Верн» жобасы басталып, жыл сайын 100 студенттің Францияда білім алуына арнайы стипендия да тағайындалмақ.

Амангелді СЕЙІТХАН                  

Хабарламаларға жазылу