Астанада халықаралық білім көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық білім көрмесі өтеді

19.01.2018

Елімізде 14 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр. Олардың санын арттырып, Елбасы Жолдауына сай Қазақстанды Орталық Азиядағы білім хабына айналдыру үшін алғашқы қадамдар жасала бастады. Мәселен, қаңтардың 20-21-і күндері Астанада «International Education Fair 2018» халықаралық білім көрмесі өтеді. Онда АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарының 100-ден астам өкілі бас қосады. Көрме барысында елімізде шетелдік университеттердің кампустарын ашу, озық бағдарламаларды енгізу, студенттер тарту жайы талқыланады. Диалогтық алаңда әлемнің үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері де таныстырылады. 

Жанболат Мелдешов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- Биылғы жылы Қазақстан мектептерін былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көп оқушы бітіреді. Он жылдан кейін осы мектеп бітірушілердің саны екі есеге ұлғаяды. Солардың бәрін сапалы біліммен қамтамасыз ету қажет. Көрме әлемде қандай мүмкіндіктер бар болса, соның бәрін жастарға көрсету, таныстыру мақсатында өтеді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу