Алматыда Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада аяқталды
Биыл 14-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа әлемнің әр қиырынан келген командалар қатысты. Мамандардың сөзінше, олимпиаданың ауқымы жыл сайын кеңейіп, маңызы артып келеді. Себебі, Ресей, Түркия, Индонезия, Грузия, Беларусь және Иран сияқты елдерден озат оқушылар бақ сынады. Жарыс соңында үздік шыққан 210 оқушы марапатталды. Олардың 42-сі алтын, 63-і күміс және 105 қола медаль иегері атанды.
Алмас Күнғожин, республикалық физика-математика мектебі директорының орынбасары:
- Қазақстаннан 22 команда қатысты. Олардың ішінде ең жақсы нәтиже көрсеткен республикалық физика-математика мектебі. Қатысушылардың саны жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Мысалы, бірінші олимпиадада 5 мемлекет қатысқан болса, былтыр 401 қатысушы болған.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39
Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
23.01.2026, 20:34
Тұрғындар ауылдың дербес бюджеті болғанын қолдайды
23.01.2026, 20:30
Президент: Мәдени мұраларымыз жаһандық деңгейде танылуы тиіс
23.01.2026, 20:29
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру қалай реттелмек?
23.01.2026, 20:20
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны артты
23.01.2026, 20:17
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 61,8 млрд теңге инвестиция тартылды
23.01.2026, 20:16