«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы 4 бөлім, 31 тақырыпша, 506 беттен тұрады. Еңбек 2 тілде жарық көрген. «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы» тақырыбына арналған алғашқы бөлім 1991-1995 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтиды. Ал, екінші бөлім «Ұлы бетбұрыс» деп аталса, «Қазақстанның екінші жаңғыруы» тарауында 10 жылдағы елдің даму барысы баяндалады. Соңғы бөлімде «Қалыптасқан мемлекеттің» міндет-мақсаттары тізбектелген.
Сондай-ақ, тарихи туындыда егемендік алған 26 жылдағы 33 нәтиже жазылған. Олардың ерекшелерін атап өтетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстанды әлем мойындады. Қазақстан ядролық сынақ алаңын жапқан бірінші ел болды. Бас шаһар «Астана» қаласы бой көтерді. Елдің экономикасы артты. Қазақстан бірнеше ірі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып қана қоймай, төрағалық ету құрметіне ие болды. «Рухани жаңғыру» үдерісіне жол ашылды. Биылғы ең елеулі де ерекше шара «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің елдің мәртебесін арттырып, мерейін өсірді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ