Маман даярлауда жаңа бағыттарды игеру керек. Алматыда халық алдында есеп берген Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев осыны айтты.
Оның сөзінше, оқу ордасы еліміздегі педагог мамандар даярлайтын университеттердің қатарында көш бастап тұр. Ал, Еуропа мен ТМД арасындағы 200 алдыңғы қатарлы университеттің ішінде - 91 орынға орналасқан. Сондықтан, білім ордасының ұжымына зор міндет жүктеліп отыр.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау үшін педагогика мамандығы негізінде студенттер 57 бағдарламаға сай білім алады. Бұдан басқа, маңызы зор салалар бойынша жаңа мамандықтар ашу жоспарда бар.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ