Алматыда халықаралық журналистерді даярлау мәселесіне қатысты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық журналистерді даярлау мәселесіне қатысты конференция өтті

08.04.2019

«Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері». Алматыда осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған алыс-жақын шет елдерден беделді мамандар келіп, қатысты.

Ғалымдардың пікірінше, әлемдік қоғамдастықта ортақ тіл табысу үшін ең әуелі ақпарат таратуда аса жауапкершілік қажет. Өйткені нақты дерекке сүйенген ақпарат мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты сақтауға тікелей ықпал етеді. Сондықтан тілшілер қауымы үшін дүниежүзілік заңдарды білудің маңызы ерекше. Ал, жоғары оқу орындары маман даярлауда осындай талаптардың үдесінен шығатын кадрларға басымдық беруі керек.

Назгүл Шыңғысова, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі:

- Мамандар шақырып отырмыз. Себебі біз осы білім беру бағдарламаларын жаңартып жатырмыз. Бұның барлығы неге? Себебі бәсекеге қабілетті маман дайындауымыз керек.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу