Елімізде түлектер мектеп аттестаттарын ала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде түлектер мектеп аттестаттарын ала бастады

13.06.2017

Елімізде түлектер мектеп қабырғасындағы емтихандарын аяқтап, қолдарына аттестат ала бастады.

Биыл Алматыдағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын 90 оқушы бітіріп, түлеп ұшты. «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» атты шарада қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқыған шәкірттердің 21-і «Алтын белгімен», 19-ы «Үздік аттестатпен» тамамдады. Жаңа үлгі бойынша мектептегі емтихандардан сәтті өткен түлектер енді ҰБТ-ға дайындалып жатыр.

 

Амангелді СЕЙТХАН                                   

Хабарламаларға жазылу