«Меthod PRO» деп аталатын бұл жобаның авторы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы қоры. Тағылымдамаға ниет білдіргендерден өтініш қабылдау 1-сәуірде басталған. Оған 500-ден астам өтініш түскен. Ұйымдастырушылар оның ішінен 100 студентті таңдап алды. Енді олар 2 ай бойы бағдарламалау мен тың технологиялар жасаудың қыр-сырын меңгереді. Тағылымдама нәтижесінде Қазақстан жастарына ағартушылық тұжырымдама жасақталады.
Дулат АБИБУЛАЕВ