Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжіне тұрақты ғимарат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжіне тұрақты ғимарат берілді

28.04.2017

Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжіне тұрақты ғимарат берілді. Бұған дейін жеке оқу мекемесі болмаған колледждің ұжымы төрт мәрте қоныс ауыстырған болатын.  Соңғы рет бөлмелері тар бұрынғы қан орталығының ғимаратында  550  студент бірнеше ауысыммен білім алып келген еді. Бұл мәселе Мәжілісте де  көтерілді. Жергілікті билік мәселені шешудің орайын тапты. Колледжге Қарағанды Мемлекеттік университетіне қарасты ғимараттардың бірі берілді. Жаз бойы мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал, жаңа оқу жылынан бастап шәкірттер осында білім алады. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу