«Мақсаты бірдің – рухы бір». Дәл осындай ұранмен елорда мектептерінде мерекелік шаралар бастау алды. Соның бірі бүгін қаладағы 20-шы мектептің қабырғасында өтті. Ширек ғасырдан астам тарихы бар оқу ордасында бүгінде түрлі ұлт өкілдері бір атаның балаларындай білім алып жүр. Бүгінгі шарада олар ұлттар бірлігін насихаттайтын сахналық көріністер мен ән-жырларын көрермен назарына ұсынды. Түрлі ұлттың ұлттық ойындары мен тағамдары таныстырылды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ