«Сенбілік кездесуде» - Гүлнәр Дәукенова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Гүлнәр Дәукенова

31.10.2015
«Сенбілік кездесуде» - Гүлнәр Дәукенова

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші - Гүлнәр Дәукенова - Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келген. Ол Еркеғали Рахмадиев атындағы музыка мектебін домбыра сыныбы бойынша тәмамдап, Алматыдағы музыка колледжіне қабылданған.

Кейін Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік консерваториясын аяқтаған Гүлнәр Жұмайқызының өнер жолындағы әр қадамы сәтті болды. Өмірін өнерге арнаған талант иесі қиындығы мен қызығы қатар жүретін шығармашылық жолды таңдады.

Бүгін сағат 21:00-де Ұлттық арнадағы «Сенбілік кездесу» бағдарламасын өткізіп алмаңыз.

Хабарламаларға жазылу