Қазақ жастарының стартап жобалары ірі компанияларға ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жастарының стартап жобалары ірі компанияларға ұсынылады

20.04.2017

Қазақ жастарының озық жобалары әлемнің ірі нарығына ұсынылмақ. Бүгін Астанада «Смарт жолы» деп аталған бірегей бағдарлама таныстырылды. Жобаның мақсаты – жастардың инновациялық идеяларын халықаралық компанияларға ұсыну. Үздік деп танылған 10 топ әлемнің жетекші технологиялық хабының бірі – Сингапурда екі апталық бағдарламаға қатысады. Стартап авторлары ірі корпорациялардың сұранысына сәйкес телекоммуникация, логистика, қаржы және денсаулық сақтауға қатысты тың жобаларын ұсынуы тиіс. Шараға қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сай цифрлық экономиканы құрудың маңыздылығын атап өтті.   

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу