«Арыстан» лицейіне 2 мың үміткердің тек 80-нен астамы ғана қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арыстан» лицейіне 2 мың үміткердің тек 80-нен астамы ғана қабылданады

19.04.2016
«Арыстан» лицейіне 2 мың үміткердің  тек 80-нен астамы ғана қабылданады
Елімізде 4 ақпаннан бастап «Арыстан» мамандандырылған лицейіне оқушыларды іріктеу басталды.

Бүгін қабылдау комиссиясының мүшелері Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан ниет білдірген оқушылардан тестілеу жұмыстарын алды. Өрендердің қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі, физика мен математикадан білімдері сыналып, физикалық дайындықтары тексеріледі.

Биыл әскери маман болғысы келетін 2 мыңнан аса оқушының тек 80-нен астамы ғана оқуға қабылданады.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу