Балқаш қаласында тәулігіне 17 тонна өнім беретін нан зауыты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласында тәулігіне 17 тонна өнім беретін нан зауыты ашылды

03.03.2015
Балқаш қаласында тәулігіне 17 тонна өнім беретін нан зауыты ашылды

Зауыт толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Электр қуатын үнемдейтін 7 пеште бабымен піскен нанның бағасы да анағұрлым арзан, ал сапасы өте жоғары, - дейді мамандар. «Даму» қоры мен «Цеснабанк» акционерлік қоғамы игі жобаға 500 миллион теңге көлемінде инвестиция салған.

Қазір зауытта 100 адам еңбек етеді. Өндіріс меңгерушісінің айтуынша, тұрғындардан алынған тапсырысты күнбе-күн дайындап беруге зауыттың мүмкіндігі жетеді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу