Бүгін Ғылым ордасында Болон жүйесіне көшкен отандық ғылымның беталысын бағамдауға арналған жиын өтті.
Басқосуда Білім және ғылым министірлігіне қарасты Ғылым комитетінің ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірлескен магистратура және PhD докторантурасы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру жайы сөз болды.
Биыл ғылыми-зерттеу институттары 66 магистрантпен, 36 PhD докторантпен толықты. Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен қолға алынған бұл интеграциялық жоба - отандық ғылымды өркендету жолындағы алғышарттардың бірі.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ