Орал қаласындағы Мұстахым Ықсанов атындағы мектепте 75 балдырған жаңа жүйе бойынша оқи бастады. Олардың білімі ұдайы сараланып, оқу бағдарламасының нәтижесі шығарылып отыратын болады.
Балалардың білімін бағалау жүйесі де өзгеріске түскен. Әр тақырыпты меңгерген кездегі оқушының ой өрісі, танымы, білімі, шығармашылығы, қабілеті назарға алынады. Содан келіп жиынтық баға қалыптасады.
Білім берудің негізгі мазмұны, Қазақстандық патриотизм, ісіне деген жауапкершілік, еңбекке деген құрмет, ашықтық, білім қуу сияқты құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған.
Рауан ДИӘЛИ