Ал, Астанадағы генерал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жасұлан» мектебін 75 түлек тәмамдауда.
Оқу ордасы 1999 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ашылған. Биыл мектеп 16-шы рет қанаты қатайған болашақ әскер элитасын түлетіп ұшырды.
Елордалық №58 мектеп түлектері де бүгін үлкен өмірге қадам басты. Он бір жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған 50-ден астам оқушы таудай болып түледі.
Ұстаздарға ыстық лебіздерін білдіріп, түлектер атынан би арнады. Мерекелік кеш соңында түлектер 1-ші сынып оқушыларына аманатын жолдады.
Жаңа өмірге жолдама алған түлектердің ендігі мақсат-мұраты – Ұлттық бірыңғай тестіден сүрінбей өту. Бүгінде елімізде жастардың сапалы әрі терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ