Олардың 3,5 мыңы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Елордалық 180 түлек «Алтын белгіге» және 79 бала ерекше аттестат алуға үміткер.
Білім ордаларындағы соңғы қоңырау мерекесіне лауазымды тұлғалар да қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі.
Елордадағы №3 мектеп-гимназиясының салтанатты шарасына барған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бітіруші түлектерді құттықтады.
Биылғы оқу жылында №3 мектеп-гимназиясынан 51 түлек қанат қақты. Олардың 49-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, бақтарын сынамақ.
Бердібек Сапарбаев бүгінде жастардың сапалы әрі терең білім алуы үшін елімізде барлық жағдай жасалғандығын ерекше атады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ