Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында өнер және спорт мектептері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында өнер және спорт мектептері ашылды

23.05.2015
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында өнер және спорт мектептері ашылды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жасөспірімдер үшін өнер және спорт мектептері ашылды. Сол арқылы ауыл жастарының бос уақыттарын ұтымды пайдалануына жақсы жағдай туындады.

Бұл өңір жезтаңдай әншілер мен дәулескер күйшілерді, талай додада топ жарған спортшыларды түлеткен. Сондықтан жаңа мектептер жастар үшін биік мақсаттарға жол ашпақ.

Мәдени орталық аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көмегімен ашылды. Қазір мұнда 187 дарынды оқушы түрлі үйірмелерге қатысады. Бұған қоса ауылдардағы филиалдарда да жасөспірімдер өз өнерлерін шыңдап жүр.

Бұған қоса аудан жастарының тағы бір қуанышы жақында жаңа спорт мектебі ашылды. Мұнда қазір 422 бала бос уақытында қазақ күресі, волейбол, футбол және тоғызқұмалақ сынды үйірмелерге қатысып жүр. Алғашқы нәтижелері де жаман емес. Облыстық, республикалық турнирлердің жеңімпаздары шығып жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу