«Ел ертеңі - білімді ұрпақ».
Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Білім және ғылым министірлігі бірлесіп халықаралық форум өткізді.
Шараға шетелдік сарапшылар қатысты. Отандық білім саласының жеткен жетістіктері және болашағы талқыға түсті.
Вице-министр Есенғазы Иманғалиев қыркүйек айынан бастап, еліміздің 30 мектебі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетіндігін айтты.
Шара барысында шетелдік сарапшылар ұсыныстарын жеткізді.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ