«Нұр Орда» мектебінде «Қазақстан жолы» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Орда» мектебінде «Қазақстан жолы» орталығы ашылды

04.02.2015
«Нұр Орда»  мектебінде «Қазақстан жолы» орталығы  ашылды

Астанадағы  «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінде «Қазақстан жолы» атты шағын кітапхана ашылды.

Тәрбие, білім беру орталығында оқушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазылған кітаптарды оқып, оның балалық шағынан бастап, қазірге дейінгі өмірін сипаттайтын деректі фильмдерді тамашалай алады.

Мұндай орталық шет мемлекеттерде тұңғыш рет Венгрияда ашылған.

Енді Уфа мен Түркия ниет білдіріп отыр. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу