Көкшетаудағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мектеп оқушылары арасында «Зерде» байқауын ұйымдастырды.
Шара 28-30 қаңтар аралығында өткізілді.
X республикалық байқаудан Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі оралды.
Зияткер ұрпақ қалыптастыру мақсатында өткізілген сайысқа елдің барлық аймағынан 358 оқушы қатысқан.
Бүгін мектеп ұжымы жүлделі оралған оқушыларды құттықтап, арнайы дипломдар табыстады.
Айбек МОЛДАСАН