«Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері тілдік курсты Қазақстанда оқитын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері тілдік курсты Қазақстанда оқитын болады

26.12.2014
«Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері тілдік курсты Қазақстанда оқитын болады

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен Шетелде кадр даярлау жөніндегі комиссияның отырысында 224 түлек стипендиант атанды.

 «Болашақ» бағдарламасы «Нұрлы жолда» көрсетілген жеті басым бағытқа жұмыс істейтін кадрларды әзірлеуі тиіс. Сондықтан халықаралық стипендия бүгін өзге өңге енді.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Кәсіби білікті кадрлар даярлау мәселесі Жолдаудың табысты іске асырылуы нәтижесінде мемлекетіміздің отыз үздік елдің қатарына енгізілудің алғышартына айналмақ.

Жолдаудағы жеті бағыт. Осыны ескерген комиссия мүшелері бағдарламаға бірқатар мамандықтар енгізді. Тұралап тұрған теміржол, логистика, көлік құрылысы мен геодезия салалары.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі:

Инженерлік жұмыс орындары да ашылады. Бұл салада тапшылық бар. Мұны «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын іске асырғанда көрдік.

«Болашақ» бойынша үш мыңға жуық түлек техникалық мамандықты тәмамдады. Бұл біз үшін аз.

Ал, бағдарламаны жүзеге асыру үшін әлі 10 мыңнан астам инженер қажет. Бүгін де комиссия грантқа үміттілердің өтінішін қарады. 224 адамға стипендия тағайындады.

Олардың екі жүзден астамы-магистранттар, ал докторанттар саны – 15. Бұл да қыруар қаржы.

Сондықтан үнем үшін тілдік курстар енді Алматыдағы Қазақ Ұлттық білім ордасы мен елордадағы Назарбаев Университетінде оқытылатын болады.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

«Болашақ» бағдарламасымен оқитын студенттер осындай мүмкіндік алады. Ағылшын тілін елде оқитын болады. Бұл арқылы біз ақшаны сақтап қаламыз.

Бұл жылы бағдарламаға 15 миллиард теңге бөлініпті. Қаржының барлығы жыл сайын шетелге аттанатын 3 мыңға жуық студенттің оқуына жұмсалмақ. Ал, қазір 2 мыңнан астам қазақ баласы шетелде білім алуда. 

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу