Жаңатас колледжінде 200 оқушы білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңатас колледжінде 200 оқушы білім алады

08.12.2014
Жаңатас колледжінде 200 оқушы білім алады

Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасы – өндірісті шаһар Жаңатастың тірлігі шатқаяқтаған тұс болатын. Ел үдере көшіп, қолда бар дүние шетінен қирай бастады.

Көпқабатты бірнеше ғимараты бар колледжді іргетасына дейін бұзып алғысы келгендер де табылды. Бұл әрекетке қарсы табандап тұрып алған сол кезде тек Қожамұрат Бірәлиев болды.

Өз меншігі болмаса да, қарауылдап қарағаны үшін ешкім ақы төлемесе де оқу ордасының шаңырағын сақтап қалған.  

Бүгінде қайта түлеген Жаңатас колледжінде 200 оқушы білім алады. Олар 7 түрлі кәсіптің қыр-сырын меңгеруде.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу