Әзірбайжанда табиғи газ өндіру азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжанда табиғи газ өндіру азайды

26.02.2015
Әзірбайжанда табиғи газ өндіру азайды

 

Әзірбайжанда дағдарыстан аяқ тартқан компаниялар табиғи газ өндіруді жоспардан тыс кемітіп тастаған.

Нәтижесінде осы саладағы ең үлкен компания «SOCAR» 2015 жылдың қаңтарында  570,2 миллион текше метр газ алған. Өткен жылғы көрсеткіштен 17,5 пайызға кем.

Дәл қазір Әзірбайжан билігі бұл көрсеткішті еселеуге тырысуда. Өйткені табиғи байлықтың ішінде табиғи газ өндірісін басты бағытқа қойған елге бұл саланың осылайша ақсауы тұтас экономиканы тоқыратуы ықтимал.

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу