Қарағандылық ардагерлер араға көп жыл салып, мектеп партасына жайғасты. Сөйтіп, компьютерлік сауаттылықты меңгеруде. Игі бастама «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» атты жобасы аясында қолға алынған.
Бүгінде Майқұдықтағы тау-кен индустриялдық колледжінде 12 ардагер информатиканы оқып жатыр. Әр топ 1 ай бойы осындай курстан өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба жасы келген азаматтардың өмірге деген қызығушылығы мен заманауи жаңалықтардан қалып қоймауына, тұрмыстық жағдайын жақсартуына үлкен көмек болмақ. Егде оқушылардың ең үлкені 79 жаста. Алдағы уақытта ерікті түрде ынта танытқан ардагерлер оқытылатын болады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ