«Болашақпен» білім алған маман туризм саласын дамытуда
«Болашақ» бағдарламасымен білім алған маман туризм саласын дамытуда. Швейцария елінде оқып келген Жасұлан Төлебеков қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық Туризм басқармасында жұмыс істейді. Бас маман күнгейдегі табиғи әсем жерлерді шетелдіктерге кеңінен таныстырсам, деп армандайды.
Жасұланның пікірінше, «біздің елде бұл салаға мамандар даярлауды әлі де жетілдіру керек».
Кез-келген туристік нысанды алдымен жарнамалау қажет. Халықаралық тілдерде сайттар ашып, кеңінен таныстырған жөн. Сөйтіп бекітілген жүйе бойынша құрылыс жүргізіледі. Ал саяхаттаушылар келген жағдайда «не қажет?» деп емес, «бізде мынадай қызмет түрлері бар» деп ұсынған абзал.
Қазір жас маман осы бағытта өздігінше ұсыныстар айтып, жаңаша жұмыс жүргізуде.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04