Қызылордада үш тілді еркін меңгерген азамат білімінің пайдасын көруде

16.09.2014
Қызылордада үш тілді еркін меңгерген азамат білімінің пайдасын көруде

Қызылордалық Жасұлан Серіков облыстағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, сондай-ақ, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының өкілі.

Осындай жауапты жұмыстарды мінсіз атқарып жүрген ол мұның себебін үш тұғырлы тілдің қарымдылығымен байланыстырады.

Бүгінде ол «Өңірлік бәсекелестікті арттыру» жобасының кеңесшісі. Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының аймақтағы өкілі ретінде шетелдік сарапшылармен иық тіресе қызмет етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүр.

«Мұның барлығы үш тілді меңгеріп, еркін сөйлеуімнің арқасы», - дейді дарынды жас.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу