Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы

06.01.2016
Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы

«Тіл - ақылдың өлшемі, ұлттың жаны», деген бар. Яғни, елдің елдігін де, бірлігін де айқындайтын тіл екені белгілі.  Үш тұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.

Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілетті болуға ұмтылудағы бірінші баспалдағы.

Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін азамат өз елінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Бүгін 17:55-те жас та болса, бірнеше тілді меңгерген өрендер туралы «Үш тіл - үш тұғыр» арнайы жобасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу