Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты. «Отбасылық құндылығы институты» мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген шараға еліміздің әр облысанан ұстаздар келді.
Мамандар жылына 4 рет бас қосып, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, ата-ана қарым-қатынасы туралы кеңінен талқылайды. Екі апта бойы түрлі жиындар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтерге қатысады.
Бастауыш сынып оқытушылары мен балабақша тәрбиешілері өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады.
Конференцияға шетелден арнайы профессор мамандар шақырылған. Әр басқосу сайын түрлі идеялар айтылып, ұсыныс-пікірлер қабылданатын жиынның берері мол, дейді қатысушылар.
Зухра Жұмағазиева, мұғалім:
Мұндай жиындардың бізге берер тәжірибесі мол, деп есептейміз. Жылына 4 рет ұйымдастырылатын шарадан оқушыларға отбасы туралы көптеген мағлұмат жеткіземіз. Мұнда келудегі негізгі мақсатымыз - тәжірибе алу.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ