Озық ойлы жастар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Озық ойлы жастар марапатталды

27.06.2014
Озық ойлы жастар марапатталды
 
Бүгін 17 оқушы Ғаламдық экологиялық қордың мың долларлық грантын ұтып алды. Олар «Қазақстандағы жасыл экономика: жетістіктер мен тәжірибелер» атты республикалық форумда марапатталды. Конкурсқа 7 облыстан елу жұмыс келіп түскен.
 
Жеңізпаздарды анықтау кезінде ұсынылған жобалардың экологиялық тазалығына, күн мен желді энергияға айналдырып, оны тиімді пайдалану жағына мән берілді. Грантқа лайық деп танылған 17 жұмыс форум аясында ұйымдастырылған көрмеге қойылып, көпшілікке таныстырылды. Игі бастама келер жылы да жалғасын табады.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу