Талдықорғанда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды
Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа көрсеткіш - 73 балл. 218 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадаларда жеңімпаз атанып, сынақтан босатылды.
Сондай-ақ, 300-ге жуық үміткерден 155 жеткіншек білімін дәлелдеп, «Алтын белгі» иегері атанды. Былтыр бұл көрсеткіш едәуір төмен болған.
Талдықорғанда «Алтын белгі» иегерлеріне салтанатты түрде құрмет көрсетіліп, төсбелгілерін облыс әкімі Аңсар Мұсаханов табыстады.
Арманы асқақ, мақсаты биік қыз-жігіттер ата-ана мен ұстаздар үмітін ақтап, сапалы білім алып, мемлекеттің гүлденуі үшін қызмет етуге уәде етті.
Ақмарал Ахметжанова, «Алтын белгі» иегері:
Бүгін мен өмірімдегі ең бақытты да қуанышты сәтті басымнан өткеріп тұрмын. Себебі, мен «Алтын белгі» иегері атанып, ұстаздарымның, ата-анамның үмітін ақтадым. Маған барлық есік айқара ашылды. Ол - Елбасымыздың Қазақстан жастарына көрсеткен қолдауының нәтижесі.
Абат Ерназаров, «Алтын белгі» иегері:
Қазақстанның желбіреген көк Туының астында болашаққа үміт артып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа уәде береміз. Біз Қазақстанды өрлете береміз!
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02